Атыраулық студент "Тілдарын – 2019" республикалық байқауында облыс намысын қорғайды

/image/2019/09/02/crop-70_92_315x560_092624511800.jpg

"Тілдарын – 2019" республикалық байқауының облыстық кезеңінде Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 3-курс студенті Тимур Мұхаметқалиев жеңіске жетті. Қазылар алқасы қатысушылардың білімін үш кезең арқылы бағалады. Байқауға 18-22 аралығындағы жастар қатысты. Байқау қорытындысы бойынша, қатысушылар дипломдармен, алғыс хаттармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

– Байқау тіл саясатын, атап айтқанда – үштілділікті дамытуға бағытталған. Басты мақсат – қабілетті жастарды анықтау және қолдау, мәдениетті қалыптастыру, көптілділікті үйрету, патриотизмді нығайту, басқа халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеуге шақыру. Байқаудың жеңімпазы республикалық олимпиадада облысымыздың намысын қорғайтын болады. Айта кету керек, республикалық кезең биылғы жылдың қазан айында Шымкент қаласында өтеді, – дейді Атырау облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әсия Қыстаубаева.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар